Шет тілдер кафедрасы

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі

М. Е. Есболатов атындағы Алматы академиясы

Заң институты

Шет тілдер кафедрасы

 

      Орыс және  шет тілдер кафедрасы 1999 жылы құрылды. 1999-2009жж. кафедраға  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ішкі қызмет полковнигі Есбулатова Раушан Макановна жетекшілік етті.

50 21091534

Кафедраның ұзақ жылдар бойғы жемісті қызметі, оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді жаңарту, шет тілін оқытуды  ең  жоғары заманауи деңгейге көтеру Раушан Макановнаның есімімен байланысты. Осы жылдар бойы шет тілдер кафедрасының оқытушылары тек оқу-әдістемелік жұмыс атқарып қойған жоқ, сонымен қатар Академия мен басқа да кафедралар жұмысына да өз үлестерін қосты. Көптеген оқытушылар біліктіліктерін әдістемелік семинарлар, ғылыми конференциялар  мен шет елдерде көтерді.  Институттың және Академияның дамуына, курсанттар санының өсуіне, жаңа пәндердің, мамандықтардың, факультеттердің енгізілуіне байланысты кафедраның да оқытушылар құрамы көбейді.

20161212_121451

2009-2010 жж. кафедраға  филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ішкі қызмет полковнигі Салханова Жанат Хамаровна жетекшілік етті.

2011 жылдан осы уақытқа дейін кафедраға PhD, полиция полковнигі Тургинбаев Айгали Мырзакулович жетекшілік етеді. IMG_5033

Шет тілдер кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ 2013 жылдың 02 қазанындағы № 585 бұйрығымен ұйымдастырылған және Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы заң институты күндізгі оқу факультетінің құрамына кіреді.

Шет тілдер кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ М.Е. Есболатов атындағы Алматы академиясы Заң институтының бір немесе бірнеше мәндес пәндер бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын, білім алушылар арасында тәрбие жұмысын жүзеге асыратын негізгі оқу құрылымдық бөлінісі болып табылады.

Кафедра қызметінің негізгі мақсаты шет тілінде тілдік қатысымдық біліктіліктерін қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Кафедра құрамы 8 қызметкерден тұрады. Кафедра бастығы - Тургинбаев А. М., полиции полковнигі, PhD; кафедра бастығының орынбасары,  полиции подполковнигі, ҒЗЖ жетекшісі - Сындыбаева Б. К.; ағылшын тілінің аға оқытушысы полиция подполковнигі, КҒЗЖ жетекшісі-Динисламов Т. М.; кафедра доценты, полиция подполковнигі, ӘПК жетекшісі - Рахметова О. А., ерікті жалдамалы аға оқытушы - Рысбекова Б. А., ағылшын тілінің оқытушысы полиция капитаны-Кенжегулов А. М.; ерікті жалдамалы аға оқытушы - Алимова Р.Т.

IMG_5039

Кафедра көп деңгейлі кәсіби жоғары білім беру құрылымына сәйкес бакалавриат, ғылыми және педагогикалық магистратура және докторантура – бойынша жұмыс істейді.

Ағылшын тілін оқытудың жалпы мақсаты кешенді болып табылады, яғни, коммуникативтік, білім беру және тәрбие беру мақсаттары кіреді. Коммуникативтік мақсаты, яғни қатынас құралы ретінде тілді практикалық меңгеру, тұжырымдамалық болып табылады.Мектеп кезінде алынған тілдік дағдылары мен біліктілігін арттыру жүйесін жетілдірумен қатар, білім алушылар сондай-ақ ана тіліне қатысты жаңа қатынас құралдарын меңгереді,  демек, қосымша терең және сапалы кәсіби білім алады.
Осылайша курстың негізгі мақсаты білім алушылардың тілдік дағдыларын олардың кәсіби мүдделеріне сәйкес қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ қоғамдық-саяси және әлеуметтік-мәдени салаларда тілдік қатынас жасау болып  табылады.

 

IMG_5058

Ағылшын тілін үйрену, қазіргі заманғы мамандарды даярлауда міндетті компонент болып табылады. Тілдік емес жоғары оқу орнында, тілді оқытудың негізгі мақсаты кәсіби салада шет тілін жазбаша және ауызша қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру.

Шетел тілін меңгеру кәсіби қызмет барысында мынандай аспектілерімен, яғни, ғылым дамуындағы жаңа ашылулар мен үрдістермен уақтылы танысу, шетелдік әріптестермен байланыстарды орнату, маманның кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмегін тигізеді.

Шет тілін үйренудің практикалық мақсаты білім беру мен тәрбие беру мақсаттарын қамтамасыз етеді. Шет тілінің білім беру рөлі ақпарат көздеріне уақтылы қосылу мүмкіндігіне, егер тілін білмесе іс жүзінде ол үшін ақпарат жабық, сондай-ақ ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларымен байланысты.

Шет тілі курсының тәрбие беру әлеуеті,  ЖОО бітірушілерін экономикалық және мәдениетаралық қарым-қатынастарды құруға жәрдемдесу дайындығымен жүзеге асырылады.

Практикалық сабақтар жоғары оқу орны оқу циклі компонентінің пәндерді оқыту әдістемесіне сай өткізіледі.Сабақта оқу үрдісіне енгізілген кафедра оқытушыларының оқу-әдістемелік жұмыстары пайдаланылады.

IMG_5141

Кафедрадағы пәнді оқыту әдістемесі қоғамды білікті мамандармен қамтамасыз ететін, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған білім алушылардың кәсіби талаптарына толығымен сәйкес және жоғары кәсіби білім алу жүйесінің келесі деңгейінде білім алуға мүмкіндік береді.  

Білім алушылар бастапқы тілдік дайындықтан өтеді, маманның заманауи көзқарасын қалыптастыратын шет тілінен жүйелі білім алады. Білім алушылар қоғамдық қатынасты және маманның қызметтік этикасы дағдысын реттейтін құқық және этика нормаларынан білім алады, заманауи технологияны пайдаланып, мемлекеттік, орыс және бір шет тілін меңгереді.  

Кафедрада ағылшын тілін оқыту үрдісін ұйымдастыратын әдістемелік пәндік комиссия жұмыс істейді. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары ҒЗжКЖҰ –дың жылдық жоспарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тұрақты айналысады.

IMG_5045

2014-2018 жж. кафедрада төмендегідей ғылыми зерттеу тақырыптары бекітілген 1) Кәсіби-бағытталған ағылшын тілі «ЖОО педагогика мәселелерін зерттеу: оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру», 2) Шет тілін оқытудағы филология мен әдістеменің өзекті мәселелері: теория және тәжірибе.  

Ғылыми-зерттеу жұмысы аясында ғылыми-әдістемелік «Научно-методологические основы обучения на профессионально-ориентированном языке», «Шет тілін оқытудағы филология мен әдістеменің өзекті мәселелері: теория және тәжірибе» тақырыптарында семинарлар өткізілді. Осы тақырыптар бойынша келесі мақалалар баспадан шықты: «Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктері мен ерекшеліктері», «Шет тілін оқытуда жаңа технологиялық әдістері қолдану уақыт талабы», «Шет тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы», «Шетел тілін оқытудың заманауи әдістері мен ерекшеліктері», «Кәсіби-бағтталған шет тілін оқыту-әр білім алушының жеке басының кәсіби дамуының негізі».

IMG_5050

ҒЗжКЖҰ жоспарына және зерттеліп жатқан тақырып бойынша қазіргі уақытта кафедра оқытушыларымен жазылған «Заңгерлерге арналған тест жинағы», «Әсери және заң терминдерінің қазақша-орысша сөздігі», «Русский язык уголовно-процессуальных документов», «Кәсіби-бағытталған шет тілінде қарым-қатынас жасауға үйретудің әдістемеліқ-теориялық негіздері», «Кәсіби-бағытталған шет тілінен мәтіндер жинағы», «Ағылшын тілінен жаттығулар жинағы», «Сборник текстов и упражнений для слушателей технического факультета, «Практический курс иностранного языка», Универсиада-2017, EXPO-2017–ге арналған «Русско-казахско-английский разговорник для сотрудников полиции, обеспечивающих общественный порядок и общественную безопасность» және де басқа 20дан аса оқу құралдары мен әдістемелік нұсқау баспадан шыққан.

Кафедра оқытушылары әдістемелік семинар, шеберлік-сыныптары, дөңгелек үстел және семинар тренингтерге белсенді атсалысады. Кафедра бастығы А.М. Тургинбаев және бастықтың орынбасары Б.К. Сындыбаева, оқытушылар Рысбекова Б.А., Алимова Р.Т. АҚШ әділет департаменті өткізген «Instructor Development Seminar» by Drug Enforcement Administration, USA of Justice. Almaty, Kazakhstan әдістемелік семинарға, «Применение приемов и методов нейролингвистического программирования в образовательном процессе»; халықаралық ғылыми-теоретикалық семинарға «Актуальные проблемы программирования в образовательном процессе»;  семинар-тренингке «Актуальные проблемы гумманитарных наук» халықаралық семинарға Польша Ольштын қ.; Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-де Француз  Альянсы жетекшілігімен өткізілген «иностранный язык» «опыт, проблемы, инновации» атты халықаралық семинарға қатысты.

Ғылыми зерттеуді орындауда зерттеменің сапасын арттыру үшін ғылыми-зерттеу жобасын және жұмысын орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, жоғары білікті маманмен танысу, ғылыми еңбекті мақсатты ұйымдастыру және қамту, тәжірибелік дағдыларды меңгеру.

Осы тұрғыда басты назарды аудару:

- ҒЗЖ ғылыми-әдістемелік негіздерін орындауды оқып білуге, алынған зерттеу нәтижесінің тиімділігін және ғылыми үлгілеудің әдістерін бағалауға, ғылыми еңбектің кооперациясына

- зерттеушінің ғылыми зерттеуді жоспарлау әдістерін меңгеруіне және өз уақытын ұйымдастыруына, баяндама, ғылыми хабарлама, қарсы сөйлеу техникасына, ғылыми талқылауларды өткізу тәсілдеріне;

- әртүрлі ауқымдағы ғылыми әдебиеттер,  басқа да баспа және электронды ғылыми ақпараттармен жұмыс істеу әдіс-тәсілдеріне; ғылыми-бибилиографиямен жұмыс істеу тәжірибесіне, аннотациялау, рефераттау; әртүрлі оқу бағдарламаларына, берілген ақпаратты статистикалық өңдеу және бағдарлама құралдарын қалыптастыруға;

- эмпирикалық зерттеулердің тәжірибелік тұрғыда орындалуына; ғылыми ұжымда жұмысты ұйымдастыру мен орындауға төселуге;

- кеңес беру, көпшілік алдында сөйлеуді тұжырымдауға, сөйлеу мәдениетін жетілдіруге;

- использование ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындауда компьютерлық техниканы қолдануға;

- ғылыми жұмысты жариялау алдындағы қолжазбаны дайындау ережесі мен стандарт талаптарын білу; тезис және баяндама жазу тәжірибесін жинақтауға; ғылыми-анықтамалық аппаратты дайындау талаптарына сай ғылыми мақала жазу және ғылыми құжаттама жүргізуге.

IMG_5055

Кафедрада лингвистиканың, шешендік өнер, ағылшын тілінен орыс тіліне немесе қазақ тіліне аудару мәселелері және сөйлеу мәдениеті сияқты өзекті мәселелерді отырыстарда талқылайтын «Лингва»  ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ғылыми конференция өткізіледі. Мысалы, «Тілдер өмір сүреді және өледі», «Қазақстандық полиция қызметкерлерінің сөйлеу этикеті», «Қазіргі әлемдегі тілдік байланыстар», «Тіл және қоғам» және басқа тақырыптар бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оқытушылардың жетекшілігімен білім алушылар ғылыми баяндамалар, рефераттар бойынша жұмыс істейді және Академия мен басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми-тәжірибелік  конференцияларына қатысады.

Кафедра академияның тәрбие беру қызметіне қатысады. Кафедра бастығы А. М. Тургинбаев Алматы академиясы офицерлер жиналысының  төрағасы, аға оқытушы Т. М. Динисламов және оқытушы Кенжегулов А. М. оқу топтарының кураторы болып табылады.

Кафедра пәндерінің тәрбиелік   мүмкіндіктері сабақта пайдаланылады, сондай-ақ топтарда барлық оқытушылармен тұрақты мемлекеттік-құқықтық хабардар өткізіледі.

IMG_5139

Оқу орнының ерекшелігін ескере отырып, ӘГП кафедрасымен бірге, «әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану», жалпы-құқықтық пәндер кафедрасымен бірлесе отырып «Қазақстан, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарындағы сот жүйесіндегі айырмашылықтарды салыстырмалы талдау», «қазақ және орыс тілдерінде іс жүргізу», және тағы басқа оқу орнының жалпы мәселелері бойынша кафедра аралық отырыстар жиі өткізіліп тұрады.

IMG_5145

2017 жылғы 19 сәуірде кафедра оқытушылары «Teaching foreign language on the base of innovation technologies» - «Преподавание иностранного языка на основе инновационных технологий», атты ҚР ҰҚК Шекара Қызметі академиясының ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысты. Кафедра оқытушыларының мақалалары конференция жинағында басылып шықты.

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясы жарты ғасырдан астам бұрын құрылған! Кафедраның күнделікті жұмысы тек  Академияның өмірімен тығыз байланысты екені табиғи болып табылады.