Педагогика және психология кафедрасы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының ІІО педагогика және психология кафедрасы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының ІІО педагогика және психология кафедрасы Қазақстан Республикасы ІІМ 2002 ж. 11.06. «Ұйымдастырушылық-штаттық мәселелер туралы» №407 бұйрығына сәйкес құрылған.

Кафедра оқу қызметін жүзеге асыратын, оқу-әдістемелік базаның дамуын қамтамасыз ететін ғылыми және оқу-әдістемелік бөлініс болып табылады. Бакалавриат, ғылыми-педагогикалық магистратура және ІІО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бойынша оқу-әдістемелік үрдісті қамтамасыз етеді.

Кафедраның негізгі міндеттері – орта және орта-кәсіби білім базасында мамандарды, жоғары кәсіби білімді мамандарды, Қазақстан Республикасы ІІМ ғылыми-педагогикалық мекемелерінің жоғары кәсіби білім базасында мамандарды дайындау мен ішкі істер органдарының басшылары мен мамандарының біліктілігін арттыру (қайта даярлау) бойынша оқу және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жүзеге асыру. Өз қызметінде істегі заңнама нормаларын, Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-әдістемелік материалдарын, Алматы академиясының Жарғысын, ІІО педагогика және психология кафедрасы туралы ережені және қызметтік нұсқаулықтарды басшылыққа алады.

Кафедраның штаттық құрамы – 10 профессорлық-оқытушы құрам бірлігінен тұрады.

Кафедра қызметкерлері барлық санаттағы білім алушыларға тиісті ғылыми және әдістемелік деңгейде оқу сабақтарын өткізеді, ауыспалы құраммен тәрбие жұмысын жүргізуге қатысады.

Бүгінгі күні ІІО педагогика және психология кафедрасында келесідей пәндер оқытылады: «Педагогика», «Психология», «Магистрлік зерттеу технологиясы», «Жоғары мектеп педагогикасы және психологиясы», «Құқық қорғау қызметінің психологиясы», «Әлеуметтану», «Заң этикасы» және т.б.

Кафедра қызметкерлері ғылыми мақалалар жариялап, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқамалар дайындау арқылы өздерінің кәсіби деңгейлерін тұрақты жоғарылатып отырады. Республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференциялар жұмысына белсенді қатыса отырып, тиісті сертификаттар алған.