Техниқалық факультеті

АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚ

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының

техникалық факультеті

Техникалық факультет Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының оқу, ғылыми және әкімшілік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 5 қыркүйегіндегі № 496 бұйрығының негізінде құрылған.

Техникалық факультеттің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы20 қазанда берілген№АБ 0142750 Мемлекеттік лицензиясы мен 2013 жылғы 30 мамырдағы №001 және 2014 жылғы 21 шілдедегі №003 лицензия қосымшасы негізінде жүзеге асырылады.

Техникалық факультет ішкі істер органдарына 5В070300 – «Ақпараттық жүйе» және 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша «техника және технология бакалавры» академиялық деңгейіне лайықты, жоғары білімді мамандарды дайындайды. Күндізгі оқу бөліміне жылда 50 курсант қабылданады.

Академия курсантлары толық мемлекеттік қамтамасыздандыруда болады: жатақханада тұрады, үш уақыт ыстық тамақпен, нысанды киіммен қамтылады, шәкіртақы алады. Академияда оқудың бүкіл кезеңі (4 жыл) жедел әскери қызметті өтеуге теңестіріледі және ішкі істер органдарындағы қызмет есебіне кіреді.

Ішкі істер органдарындағы қызмет – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Академия түлектеріне «полиция лейтенанты» арнайы шені беріліп, ІІО аумақтық бөлімшелеріне міндетті түрде жұмысқа қабылданады.

Техникалық факультеттің түлектері бірінші кезекте ішкі істер органдарының техникалық қызмет бөлімдерінде, сондай-ақ ақпараттық-аналитикалық орталықтарында, арнайы техника және байланыс бөлімдерінде, жол-патрульдік полиция бөлімдерінде, жедел қабылдаудың арнай отрядтарында, қылмыстық-атқару жүйесі мен административтік, криминалдық полиция бөлімдерінде жұмыс істеуге бағытталады.

Штаттық кесте бойынша Техникалық факультет 3 кафедралардан тұрады:

-     Жаратылыстану – ғылыми пәндер кафедрасы,

-     Радиоэлектроника және телекоммуникация кафедрасы,

-     Ақпараттық жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету кафедрасы.

Техникалық факультеттің кафедралары аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін және Алматы энергетика және байланыс университетін бітірген, ғылыми дәрежелері мен атақтары бар, білікті мамандардан құрылған.

Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысын жетілдіру және білім беру, ғылыми және мәдени салалар бойынша байланысты күшейту мақсатында еліміздің алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарымен:

-     Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;

-     «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

-     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты;

-     Қазақстан инженерлік-техникалық университетімен келісім шарт жасалды.

Қазақстан Республикасының ІІМ және «Нурсултан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорымен «Арыстан» арнайы лицейінде оқитын білім алушылар мен жасөспірімдердің медеткерлік жұмыстарын ұйымдастыру мен ІІМ жоғары оқу орындарына болашақ үміткерлерді дайындау мақсатында Меморандум жасалды.

Факультетте курсанттардың оқуына, демалуына және спортпен айналысуына қажетті барлық материалдық-техникалық база дайындалып, жағдай жасалған. Курсантларға қажетті қағаз және электрондық тасмалдауышта дайындалған оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтылған кітапхана ашық.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Техникалық фаультетінің кітапханасында ғылыми, қатар әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша соңғы жылдары баспадан шыққан 34232 дана оқулықтар мен ғылыми, көркем әдебиеттер бар.

Кітапханада басқа кітапханалар мен ғылыми қорлармен байланыс орнатылған. Алдыңғы қатарлы техникалық жоғары оқу орындарының: Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы энергетика және байланыс университеті кітапханаларымен және Республикалық ЖОО аралық электронды кітапханасымен келісім шарттар жасалған.

Оқу жоспарына сәйкес, курсанттар ішкі істер органдарының сәйкес бөлімдерінде шығып оқу сабақтарын, оқу және диплом алдындағы практикасын өтеді. Бұл олардың теориялық білімін нығайтып, болашақ қызметтеріне дайындығын күшейтеді. Саптық дайындық, тәртіп, Жарғыны білу факультет түлектеріне жақсы теориялық және тәжірибелік дайындық алуға мүмкіндік береді.