Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімі

Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімі Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының тәуелсіз құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         Штаттық кестеге сәйкес жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімінің жеке құрамы 5 бірлік құрайды: бөлім бастығы полиция полковнигі Сауле Сарсебаевна Каримбаева, бас маман полиция подполковнигі М.К. Рамазанов, жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бойынша аға инспекторы полиция капитаны Н.Е. Ермаханбет, аға инспекторы полиция капитаны             Р.Ғ. Беристемова және инспектор-тағылымдамашы Д.М. Идрисов.

         Бөлімінің жұмысы жоспарлық негізде жүзеге асырылады және оның бақылаушы және үйлестіруші, сонымен қатар оқыту, тәрбие, қаржы-шаруашылық және басқа да қызметті қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері жөніндегі рөліне құрылады.

                Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімі жедел басқару және Алматы академиясының бөліністер қызметінің Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің бұйрықтарының және шешімдерінің, жедел кеңестерінің шешімдерінің, Академия бастығының нұсқауларының орындалуына, Академияның негізгі жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Алматы академиясының қызметтік жұмысын талдау және ақпарат жинау. Осының негізінде олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар, ақпараттық және есептік құжаттарды даярлау;
  2. Алматы академиясының келешекке арналған және негізгі іс-шараларын жоспарлау;
  3. кешенді қызметтік, қаржы-шаруашылық және басқа да міндеттерді шешу жөнінде қызметтердің жұмысын өзара іс-қимыл жасасуды, үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;
  4. бейбітшілік және әскери уақыттағы міндеттерді орындауға Академияның жедел-қызметтік және жұмылдыру даярлығын қамтамасыз ету;
  5. Академияның бөліністерінде атқарушылық тәртіпті нығайту, бөліністер мен қызметтердің алдыға қойылған міндеттерді, бұйрықтар мен нұсқауларды орындауын бақылау.

Бөлімнің оның негізгі міндеттері мен функцияларын Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілері және заңнамаларына сәйкес іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.