Лаңкестікке қарсы мамандар даярлау орталығы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты Лаңкестікке қарсы мамандар даярлау орталығыжеткілікті санда құқыққорғау органдары қызметкерлерін Қазақстан Республикасында лаңкестік пен экстремизмге қарсы қажетті іс-әрекеттер ету мақсатында даярлайтын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ бекітілген құрылымына сәйкес Орталықта 2 бөлім бар:

1)Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандарды оқытуды ұйымдастыру бөлімі;

Мақсаты: ІІМ және басқа ведомства қызметкерлерін кәсіби даярлық, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру курсында оқытудалаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекеттер ету саласында дағдылануы мен кәсіби білім алуынкөздейді.

2)Үздік тәжірибені оқыту мен жетілдіру және оқыту әдістемелерін дайындаубойынша бөлімше.

Мақсаты: лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекеттер бойынша өзекті мәселелерге ғылыми ізденіс жұмыстарын өткізу, сондай ақ қалыпты сыртқы елдердің үздік тәжірибелеріне талдау жасай отырып, құқыққорғау органдарының тәжірибелік қызметіне ендіру.