Бимолданов Ержан Малайұлы – Қазақстан  Республикасы ІІМ  Мақан Есболатов атындағы  Алматы академиясы бастығының  оқу-ісі жөніндегі орынбасары. Полиция полковнигі.

1995 жылы   Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды,  2004 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы Талдықорған қаласында  І. Жансүгіров атындағы университетте оқытушы болып бастаған.   

1997 -1998 жж. Көкшетау  жоғарғы техникалық училищесінде  ҚР ТЖА ерікті жалданушы оқытушы.

2000 - 2002 жж. Алматы  қаласында ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 5571 ә/б-де взвод командирі  мен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы бойынша рота командирінің орынбасары.

2002 ж. ІІМ Алматы академиясы курс бастығының орынбасары;

2002-2008 жж. ІІМ Алматы академиясы Заң институты КОФ-нің оқытушы-әдіскері;

2008-2010 жж. ІІМ Алматы академиясы Заң институты КОФ-нің аға оқытушы-әдіскері;

2010-2012 жж. ІІМ Алматы академиясы Заң институтының мониторинг және білім сапасын бақылау бөлімінде аға оқытушы-әдіскері;

2012-2014 жж. ІІМ Алматы академиясы Заң институты КОФ-нің бастығының орынбасары;

2015-2018 жж. ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы қылмыстық құқық және криминология кафедрасының бастығы.

 

2019 жылдан Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.