Академия бастығының орынбасары

Нурлыбаев Қанат Айткешевич - ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының сап бойынша көмекшісі,полиция полковнигі.

1970 жылы 12 желтоқсанда Талдықорған облысы, Алакөл ауданы, Қарабұлақ аулында дүниеге келген.

1997 жылы Қазақ Ұлттық техникалық университетін, 2007 жылы ҚР ІІМ Алматы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қ. Түрксіб ауданы  АІІБ жедел  бөлімнің милиционер-жүргізушіден бастады.

1997-2001 жж. Алматы қ. ҚІІБ  дипломатиялық өкілдерді қорғау бойынша полк полициясында қызмет инспекторы.

2001 жылдан ҚР ІІМ «Күзет» ММК «Медеу» ЕМК 1- батальонда қызмет инспекторы.

2001-2003 жж. дипломатиялық өкілдерді қорғау бойынша 4-батальонның аға қызмет инспекторы.

2003-2004 жж. ҚР ІІМ Академия Кезекші бөлімнің инспектор-кезекшісі.

2004-2006 жж. ҚР ІІМ Академиясы  оқу-саптық бөлінісі  курс бастығының орынбасары.

2006 жылдан  ҚР ІІМ Академиясы  оқу-саптық бөлінісінің курс бастығы.

2009-2011 жж. ҚР ІІМ Алматы академиясы Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімінде әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бойынша аға инспекторы.

2011 ж. ІІМ Алматы академиясы Заң институты Күндізгі оқу факультеті бастығының орынбасары.

2014 жылдан қазіргі уақытта  ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының сап  бойынша көмекшісі.