Ғылыми-зерттеу жұмысы

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру қызметінің міндетті бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ғылыми зерттеу жоспарына, Академияның ғылыми зерттеулердің және тәжірибелік конструкторлық жұмыстары (ҒЗТКЖ) мен перспективалық жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары:

  1. Іргелі, қолданбалы зерттеулер және ішкі істер органдары қызметінің өзекті проблемалары бойынша зерттеулер.
  2. Оқытудың мазмұны және әдістемесін жетілдіру проблемалары бойынша зерттеу.
  3. Докторанттар мен магистранттардың диссертациялық зерттеулері.

Академияда ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау бойынша 3 ғылыми мектеп жұмыс жүргізеді.

2015 жылдан бастап «PhD докторы» ғылыми дәрежесін қорғау бойынша Диссертациялық кеңес ашылды.

Ғылыми-зерттеу қызметі келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Заң институтында 11 кафедрамен:

-            Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер;

-            Жалпықұқықтық пәндер;

-            Қылмыстық құқық және криминология;

-            Қылмыстық процесс және криминалистика;

-            Жедел-іздестіру қызметі;

-            Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника;

-            Әкімшілік-құқықтық пәндер;

-            Жауынгерлік және дене дайындығы;

-            Әскери және арнайы тактикалық дайындық;

-            Шет тілдер;

-            Қазақ және орыс тілдері.

2) Техникалық факультетте 3 кафедрамен:

-            ғылыми-жаратылыстану кафедрасы;

-            радиоэлектроника және телекоммуникация кафедрасы;

-            ақпаратты жүйелі бағдарламамен қамтамасыз ету кафедрасы.

3) Жоғары оқу орындарынан кейінгі және қосымша білім беру институтында 2 орталықпен және 1 кафедрамен:

-   Есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша ведомствоаралық оқу орталығы;

-   Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар дайындау орталығы;

-   ІІО педагогика және психология кафедрасы;

4)  Ғылыми-зерттеу орталығы:

-   ішкі істер органдарының жұмысын жедел-іздестірумен қамтамасыз етудің мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшемен;

-   заңнаманы жетілдіру және қылмыстық құқықбұзушылықты тергеудің өзекті мәселелерін зерттеу жөніндегі бөлімшемен

-  халықаралық ынтымақтастық тобымен,

 

сонымен қатар Академияның ауыспалы құрамымен (курсанттармен, магистранттармен жәнедокторанттармен).