Докторантура

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы PhD докторантурасына түсу Ережесі 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы PhD докторантурасына түсу ережесі 2016 жылдың 13 қаңтардағы №24 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен реттеледі.

PhD докторантураға ғылыми-педагогикалық магистратураны бітірген және «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі бар, құқық қорғау органдарында практикалық жұмыс өтілі немесе ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес ішкі істер органдарының қызметкерлері қабылданады.

PhD докторантурасына оқуға түсу қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Қабылдау емтихандарын қайта тапсыруға жол берілмейді. Нормативтік оқу мерзімі үш жыл. Оқу нысаны күндізгі.

PhD докторантураға оқуға түсетін кандидаттары өз басшыларының атына (ішкі істер министрінің орынбасарына, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымының басшысына) баянат береді. PhD докторантураға оқуға кандидаттарды іріктеу үшін, олардың қызмет атқаратын орыны бойынша іріктеу комиссиясы құрылады, бұл комиссия PhD докторантураға оқуға кандидатты жіберу туралы шешімді қабылдайды.

Кадр қызметтері Академияның PhD докторантурасына оқуға түсетін кандидаттардың келесі құжаттарын жолдайды:

  1. жеке ісі;

2) оқу ісін , оған келесі құжаттар кіреді:

1. еркін нысандағы оқуға үміткердің баянаты;

2. қызметтің соңғы кезеңі бойынша қызметтік мінездеме және аттестаттау парағы;

3. PhD докторантураны аяқтағаннан кейін қызметкерді тағайындау болжанатын лауазымы көрсетілген іріктеу комиссиясының оқуға жіберу туралы шешімнің көшірмесі;

4. кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парақ;

5. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

7. 3х4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

8. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

9. болжамды ғылыми кеңесшілермен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі;

10. тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса)

11. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар бар болған жағдайда).

ІІМ жоғары оқу орындарының PhD докторантурасына оқуға түсетін оқуға үміткерлер түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша тапсырады.

Шет тілдер бойынша қабылдау емтиханы Қазақстан Республикасы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен өнделген технология бойынша жүргізіледі.

PhD докторантураға түсетіндерге мамандық бойынша қабылдау емтиханы ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламасы көлемінде ауызша жүргізіледі.

PhD докторантураға түсушілердің құжаттарын қабылдау жыл сайын 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Түсу емтихандары - 1 тамыздан 20 тамызға дейін

PhD докторантураға қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.