• Қаз
  • Рус

2018 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНЫҢ 20 КҮНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІМ М. ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Респбликасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығының «Хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандарды іздестіруді ұйымдастыру және олардың отбасыларынан және мамандандырылған мекемелерден кетуін ескерту жөніндегі шараларды әзірлеу» және «Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері» атты зерттеу тақырыбы бойынша  2018 жылы ақпан айының 20 күні ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өткізілді.

 

 

 

 C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.954\IMG-20180221-WA0022.jpg

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.414\IMG-20180221-WA0005.jpg

 

Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қ. ІІД КПБ уәкілдері, Алматы қ. ІІД ЖПҚ ювеналды полиция қызметкерлері, Алматы қ. бойынша (орта білім беру мектеперінің және жетім балалар үйі), Қазақстан Респубикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академияның Ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және профессорлық-оқытушылық құрамдары қатысты.

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.096\IMG-20180221-WA0019.jpg

Конференцияның өткізілу мақсаты кәмелет жасқа толмағандарды іздестіру және үйден кету себептерімен жағдайларын анықтау және талдау, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін ескерту жұмыстарын жетілдіру негізінде, және зерттеудің қорытындысын оқу мен тәжірибе қызметіне енгізу болып табылады.

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.778\IMG-20180221-WA0004.jpg

 

 

Дөңгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес төмендегідей сұрақтар талқыланды:

  1. кәмелетке толмағандардың отбасынан және мамандандырылған мекемелерден кету себептерін ескерту мен алдын алу шаралары.

  2. кәмелетке толмағандардың отбасынан және мамандандырылған мекемелерден кетуді болдырмаудағы өзара іс-қимылдардың алатын орны.

  3. хабар-ошарсыз жоғалған кәмелетке толмағандарды іздестірудегі әкімшілік полиция және жедел-іздестіру қызметінде туындайтын өзекті мәселелер.

  4. кәмелетке толмағандарды ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға тартудың тиімді алдын-алу шаралары.

  5. кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қол сұғушылқпен күрес мәселелері.

  6. кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттердің жасалуына ықпал ететін факторлар.

Қатысушылар кәмелет жасқа толмағандардың іздестіру және олардың үйден кету фактілерінің ескерту, алдын алу мәселелерді кең ауқымды шеңбердегі сұрақтарды талқылады. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

 

C:\WINDOWS\Temp\Rar$DIa0.345\IMG-20180221-WA0003.jpg

Дөңгелек үстелге қатысушылардың енгізілген ұсыныстары ескеріледі және алдағы уақытта Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының зерттеу тақырыбына сәйкес жоспарланып отырған әдістемелік ұсынымдарында көрсетіледі.