Докторантура

Қазақстан Республикасының ведомствалық білімін ары қарай жетілдіру мен дамыту Бағдарламасына сәйкес, 2010 жылы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясында ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістер шеңберінде Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты құрылымында докторантура бөлімі пайда болды, онда докторанттарды дайындау білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.

Докторантураның білім беру бағдарламасында ғылыми және педагогикалық бағыттылығы бар, докторантураны аяқтап және докторлық диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін бітірушіге «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесі беріледі. Докторантурада оқудың нормативтік мерзімі 3 жылды құрайды.

Докторантура қызметінің негізгі бағыты жаңа технологияларды қатыстыра отырып оқу үрдісін ұйымдастыру болып табылады, ол арқылы тек мемекеттің ішінде ғана емес, сонымен халықаралық дәрежеде құқыққорғау қызметі саласында білікті, бәсекеге қабілетті ғылыми және педагогикалық кадрларды кешенді және сапалы дайындауды қамтамасыз ету. Одан басқа, докторантураның білім беру бағдарламасын жүзеге асырылуы арқылы құқықтық нормаларды өндеу мен жүзеге асыру саласында мамандарды дауындауды, ғылыми зерттеу әдістемелерді, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарында ғылыми және педагогикалық қызметтерін қамтамасыз етеді.

2012 жылы докторантураға бірінші докторанттар қабылданды. 2015 жылғы бітіруші-докторанттардан: Э.М. Насырова және  Ч.К. Утегенов докторлық диссертацияларын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен оларға «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы  ғылыми дәрежесі берілді.

2013 жылы докторантураға 6 докторант түсті, олар 2016 жылы докторантураны бітірді. 2017 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Диссертациялық кеңесінде 2016 жылғы бітірушілер: А.Б. Отарбаева., С.К. Күмісбеков., А.М. Батырбаев., Б.Н. Тәжібаев докторлық диссертацияларын сәтті қорғап және бүгінгі күні төртеуіде «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша (PhD) философия докторлары болып табылады..

2017 және 2018 жылғы бітірушілер докторантураны сәтті бітіріп, Қазақстан Республикасы М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Диссертациялық кеңесінде докторлық диссертацияларын қорғауға дайындалуда.

Қазіргі уақытта докторантурада 20 докторант білім алуда. Докторанттар ғылыми-зерттеу жұмыстарын Академияның ғылыми-зерттеу орталығында және жетекші кафедраларында жүзеге асырады: қылмыстық процесс және криминалистика, жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника, қылмыстық құқық және криминология, әкімшілік-құқықтық пәндер.

Докторанттардың диссертациялық зерттеулері «6D030300-Құқық қорғау қызметі» мамандығының проблематикасына сәйкес келеді, өзекті, ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы бар.

Докторанттардың докторлық диссертацияларының тақырыптары Қазақстан Республикасы құқық қорғау қызметі саласында жүзеге асырылатын ғылымның даму басым бағыттарына және мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес келеді.

Бүгінгі күні докторантураның штаттық саны 3 бірлікті құрайды.

Докторантура бастығы – Курманова Гульнара Сағындыққызы заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі. Аталған лауазымда докторантураның құрылған кезінен бастап атқаруда.

Аға оқытушы-әдіскер –Бозаева Қарлығаш Малкенқызы, полиция подполковнигі.

Оқытушы-әдіскер – Берекенов Асқар Талғатұлы, полиция майоры.

Докторантура қызметкерлері құқық қорғау органдары қызметінде жеткілікті тәжірибелік өтілімі бар, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік дайындыққа лайықты.


Курманова Гульнара Сағындыққызы -  Докторантура бастығы, заң ғылымдарының кандидаты.Аталған лауазымда докторантура құралғаннан бері қызмет атқарады.D:\Kurmanova.jpg

D:\IMG_0741.jpg

Бозаева қарлығаш Малкенқызы - аға оқытушы-әдіскер, полиция подполковнигі.

D:\IMAG2599.jpg

Берекенов Асқар Талғатұлы – оқытушы-әдіскер, полиция капитаны.

 

D:\DSC_0189.JPG

 

Жас ғалымдар кеңесінің отырысы – докторантура бастығы, 2014,2015,2016 жж. қабылданған докторанттар.

 

D:\IMG-20160229-WA0001.jpg

 

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Word\20160628_144219.jpg

2014 жылы қабылнған докторанттардың Мәскеу  қ. Мәскеу мемлекеттік университетінде шет мемлекетте  ғылыми тәжірибе алмасу кездері.