Опубликовано

Курсанттар ІІО-ның басшы құрамымен кездесті

ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Жоғарғы академиялық курстары  және Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен 3 курс курсанттары Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Қалалық, аудандық Ішкі істер басқарма басшыларының бірінші орынбасарларымен кездесу өткізді.

ІІО-ның практикалық қызметкерлері теория мен практиканың өзара алшақтығына тоқтала келе, жедел-іздестіру  қызметінің қыр-сырын, өзіндік ерекшелігін айқындады. Жедел-іздестіру қызметі - қылмыспен күресудің мемлекеттік-құқықтық түрі. Құқық қорғау органдарында жедел-іздестіру қызметі ерекше орынға ие. Жедел қызметтің өзіне ғана тән міндеттері мен мақсаттары, және сол мақсатқа жету үшін қолданылатын жасырын күштері, құралдары мен әдістері бар екенін айтты. Сондай-ақ білім жедел-іздестіру қызметкерінің қаруы оның ойлау қабілеті мен адамдармен тіл табыса білуі және бұл қызметте арнайы білім мен практиканың маңызды рөл атқаратынын да атап өтті.

  Кездесу барысындағы осындай маңызды ақпараттар курсанттардың  жедел-іздестіру қызметінің қыр-сырына деген қызығушылықтарын оятып, оқуға талпыныстарын күшейтті.      

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Новая папка\IMG_1140.JPG

 

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\Новая папка\IMG_1134.JPG