Опубликовано

Инспектор-психологтар біліктілік курсынан өтті

Инспектор-психологтар біліктілік курсынан өтті

 

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының Жоғары академиялық курстарының базасында “ІІО қызметкерлерінің жеке тұлғасына баға берудің заманауи психодиагностикалық әдістері”  тақырыбы бойынша ІІД-КІІД, ҚАЖК, МКҚБ, ІІМ бөліністерінің инспектор-психологтарының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Курсқа ІІМ бөліністері мен Ішкі істер департаменттерінен                    26 қызметкер қатысты. Оку бағдарламаға сәйкес ІІД-КІІД, ҚАЖК, МКҚБ, ІІМ бөліністерінің инспектор-психологтарына әр-түрлі тренингтермен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Сондай-ақ оларға сабақтан тыс уақытта  Алматы қаласының тарихи-мәдени орындарын аралап көру жұмыстары ұйымдастырылды.

Біліктілік курсынан өту барысында Академияның ІІО Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Д.А.Шаханова, ІІО инспектор-психологтары мен ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Заң институты күндізгі оқу факультетінің 3 курс курсанттарын қатыстыру арқылы ойын-тренингтер өткізілді. Соынмен қатар оқу жоспарына сәйкес ІІД-КІІД, ҚАЖК, МКҚБ, ІІМ бөліністерінің инспектор-психологтарына «Қазіргі кезеңде инспектор-психологтардың қызметіндегі психотехнологияны жетілдіру» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Курс соңында ІІО-ның 26 инспектор-психологына оқуды сәтті аяқтағандары үшін белгіленген үлгідегі сертификаттар тапсырылды.