Опубликовано

Депутаттармен кездесу

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушы құрамы мен курсанттары Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Тасбулатов Абай Болюкпаевичпен кездесіп, «Президенттің бес әлеуметттік бастамасы» туралы әңгімелесіп, пікір алмасты.  

Сонымен қатар кездесуге Алматы қалалық  «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси жұмыстар бөлімінің жетекшісі Табеев Қайым-Мұнар Турдахунович және Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертаевна қатысты.

Мәжіліс депутаты Президентіміздің  әлеуметтік саясаттағы негізгі бағыттарына кеңінен тоқталып, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған ұсыныстарды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Депутатты Академия ұжымы мен курсанттар зор ықыласпен тыңдады. Білім алушыларды Парламент пен Нұр-Отан партиясының қызметі, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын шешу мәселесі, жоғары білімнің қол жетімділігі және студент жастардың жағдайын жақсарту туралы мәселелердің бәрі қызықтырды.  

Кездесу барысында жастарды толғандыратын мәселелер туралы сұрақтар да қойылды. А.Тасбулатов мырза  болашақ полицейлер, жас буын өздерінің жоғары кәсіби мәдениеті мен терең білімін көрсету керектігін атап өтті.  




C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\депутатпен кездесу\IMG_1271.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\депутатпен кездесу\IMG_1278.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\депутатпен кездесу\IMG_1286.JPG


C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\депутатпен кездесу\IMG_1283.JPG

 

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\депутатпен кездесу\IMG_1294.JPG