• Қаз
  • Рус

Опубликовано

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығында жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелеріне арналған ғылыми зерттеу жұмысы жүргізілуде. Осы ғылыми-зерттеу жұмысы төңірегінде аталған тақырып бойынша дөңгелек үстел жүргізу жоспарланған.

Дөңгелек үстел 2018 жылдың 18 мамырында сағат 10.00-де басталады.

Дөңгелек үстелді жүргізудің мақсаты жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру, сонымен қатар зерттеу нәтижелерін оқу және тәжірибе қызметіне енгізу.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес төмендегідей сұрақтарды талқылау жоспарланады:

1.​ Қазіргі заманға сай жедел-іздестіру қызметіндегі іздестіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері;

2.​ Із-түссіз жоғалғандарды, танымаған мәйіттерді және қылмыс жасағандарды іздестіруді жетілдіру;

3.​  Пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген сотталғандар, сотталушы, айыпталушы, күдіктілерді іздеу және ұстау бойынша ЖІҚ қызметті жетілдіру.

Дөңгелек үстелге қатысу үшін Республикамыздың құқық қорғау органдарының қызметкерлері, оқу орындарының жетекшілері мен профессорлық-оқытушылар құрамдары және қоғамдық ұйымдардың өкілдері шақырылады.

Баяндамаларды рәсімдеу талабы:

Баяндама электрондық қалыпта (флеш карта, СD) және қағазда басылған түрде қабылданады. Мақаланы теру керек, бет үлгісі – А4, қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14, жолдар аралығы – 1, жаңа жол басындағы бос жер – 1,25 см., мәтін ені түзуленген, беттер нөмірленбеген, беттің өлшемдері: жоғары, сол және төменгі жақтары – 2 см, оң жағы-1 см. Баяндама мәтіні автормен оқылған және түзетілген болуы қажет.

Басылымға ұсынылған материалдардың шынайылығына редакция жауап бермейді, дөңгелек үстелге қатысушылар туралы ақпараттарды және баяндамаларды 25 сәуір 2018 жылға дейін  электронды мекен жайғажолдауларыңызды сұраймыз.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша жинақ шығару жоспарлануда.

Мекен жайымыз: Алматы қ. Өтепов көш., 29 Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы

Байланыс телефондары: 87017329791, 87014466963, 87472685868Ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы