• Қаз
  • Рус

Опубликовано

ХАБАРЛАНДЫРУ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер! Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының Ғылыми-зерттеу орталығы 2018 жылдың 07 маусымында «Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын сексуалдық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдардың шаралары мен өзекті мәселелері» атты Астана қаласының 20-жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Дөңгелек үстелге қатысу іштей және сырттай жүзеге асырылады

Дөнгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес төмендегідей сұрақтарды талқылау жоспарланады:

1. Кәмелетке толмағандардың жыныстық еркіндігіне қол сұқпаушылығына қатысты қылмыстарға қарсы іс-қимылдың қылмыстық-құқықтық аспектілері

2. Химиялық кастрация: Қарсы немесе қолдау

3. Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерден балаларды қорғау және олардың қауіпсізідігін қаматамасыз ету бойынша ұсынымдар;

4. Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылықты азап шеккен балалармен жұмыс жүргізу бойынша ұсынымдар;

5. Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылықпен жасалатын кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың алдын алу мен оларға қарсы іс-қимылдың тиімді шаралары

6. Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылықтардың алдын алу мен оларға қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалардың, әрекеттердің, ұлттық жоспарлардың, заңнамалық актілердің тиімділігі;

Дөңгелек үстелге қатысу үшін Республикамыздың құқық қорғау органдарының, орта және арнайы білім беру мекемелерінің қызметкерлері, заңгерлер, психологтар, психиатрлар, оқу орындарының жетекшілері мен профессорлық-оқытушылар құрамдары және дағдарыс орталықтардың қызметкерлері шақырылады.

Баяндамаларды рәсімдеу талабы:

Баяндама электрондық қалыпта (дискета, флеш карта, СD) және 1 дана қағазда басылған түрде ұсынылады. Мақаланы теру керек, бет үлгісі – А4, қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14, жолдар аралығы – 1,5, жаңа жол басындағы бос жер – 1,25 см., мәтін ені түзуленген, беттер нөмірленбеген, беттің өлшемдері: жоғары, сол және төменгі жақтары – 2 см, оң жағы-1 см. Баяндама мәтіні автормен оқылған және түзетілген болуы қажет. Баяндаманың мазмұны үшін автор (авторлар) жауап береді.

Сіздерден дөңгелек үстелге қатысушылар туралы ақпараттарды және олардың баяндамаларын төмендегі электронды мекен жайға жолдауларыңызды сұраймыз.

 Мекен жайымыз: Алматы қ. Өтепов көш., 29

Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясы

E-mail: [email protected];

Байланыс телефондары: 8 707 578 0004, 87085770004 - (полиция майоры Мурашбеков Олжас Берикович), 8777 022 2251 – (полиция майоры Какимжанкызы Зарина)

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы

Алматы академиясы