Ерланұлы Мағжан Калмакбаев

12.01.2019

Категория: Мейрам

Вопрос:

Саламатсыздарма.Менің есімім Мағжан мен ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1курс курсантымын.Менің сұрағым:отбасы жағдайыма байланысты оқуымды одан əрі ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында жалғастырғым келеді.Өзім Алматы облысының тумасымын.Осы сұрақтың шешімі барма?

Ответ:

Құрметті Мағжан Ерланұлы сіздің сұрағыңыз бойынша төмендегідей жауап береміз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 бұйрығына қосымша «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі туралы» нұсқаулығының 6 тармағына сәйкес ІІМ білім беру ұйымдарында білім алушылардың ІІМ-нің өзге білім беру ұйымына ауысуы жоғарыда аталған ұйым бастықтарының келісімі арқылы, (Өзіңіз білім алатын оқу орны басшылығының атына баянат жазу арқылы) және Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай жүзеге асырылады.

Кадр жұмысы бөлімі