• Қаз
  • Рус

Опубликовано

Курсанттарды қылмыстық құқық бұзушылықтарды электрондық форматта тергеуге оқыту

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің іс жүргізу негіздерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Осы Заңның жаңашылдықтарының бірі "Е-қылмыстық іс" қылмыстық сот ісін жүргізудің электрондық форматын енгізу болды.    

Осы бағдарламаны енгізумен ішкі істер органдарының тергеушілері мен анықтаушылары 10 мыңнан астам қылмыстық істі электрондық форматта аяқтады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ұжымы «Электрондық қылмыстық іс» тақырыбына дәріс өткізді (Дәріскер – қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытышусы, полиция капитаны А.К. Бекишев).

 

Дәріс барысында курсанттар дәріскерді мұқият тыңдап, қылмыстық қудалау органдарында осы жаңалықты іске асыру туралы белсенді сұрақтар қойды.

 

C:\Users\Айып\Desktop\е-уголовное дело\IMG_20181124_090452.jpg

 

C:\Users\Айып\Desktop\е-уголовное дело\IMG_20181124_090652.jpg