Опубликовано

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тәрбиелік-психологиялық жұмыстар жүргізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында қаңтардың 11 күні  оқу орнының жұмыс жоспарына сәйкес тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Жоғарғы білім беру  институтының күндізігі оқу факультеті және техникалық факультетінің 4 курс курсанттарының практика алдындағы кәсіби-психологиялық даярлығын арттыру бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты тәрбиелік-психологиялық жұмыстар  жүргізу үшін арнайы шара өткізілді.

Шара барысында тәрбие жұмысы бөлімі бастығының орынбасары  полиция майоры Е.Жақиянов 4 курс курсанттарына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы №157 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі» бойынша  баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

   Полиция майоры Е.Жақиянов өз баяндамасында «Экстремалды жағдайлардағы іс-әрекеттерге ІІО қызметкерлерін психологиялық даярлау», «Құқық қорғау қызметіндегі экстремалдылық және қызметкердің дайындығына қойылатын оның ерекше талаптары», «Экстремалдылық, экстремалды жағдайлар ұғымы» тақырыбтарына тоқталып,  мысалдар келтірді.

Сонымен қатар курсанттарға экстремалдық-психологиялық дайындыққа арналған жаттығулар мен экстремизімнің алдын алу бойынша бейнероликтер көсретіліп,  полиция қызметкерлеріне қылмыскерлердің шабуылдаулары туралы оқиғалар талқыланды.

Академия жеке құрамы бойынша инспекция бастығы полиция майоры Ғ.Боранбаев Алматы қаласы ПД мен ПБ-нің 2018 жылға тәртіппен заңдылықты қатаң сақтау және сыбайлас жемқорллыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алуға жасалған шолуын 4 курс жеке құрамына жеткізді. Сонымен қатар жол жүру ережесін бұзбау, алкогольдік ішімдіктер мен нашақорлық заттарды тұтынбау, мақсатсыз іс-әрекеттерге қол сұғуға болмайтынын атап өтті.  Заң бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықпен айналысып қолға түскен полиция қызметкерлері туралы бейнероликтер көрсетілді.

Күндізгі оқу факультеті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Д.Еремеев,  ЖІҚжАТ кафедра бастығы полиция полковнигі Е.Т.Әбілезов, ҚІжК кафедрасының бастығы полиция полковнигі А.А.Аубакирова, ӘҚП кафедрасының бастығы полиция полковнигі Л.Т.Культемирова, КОФ 4- курс бастығы полиция подполковнигі М.Б. Алғожаев, ТФ 4-курс бастығы полиция полковнигі А.Әлшәріпов, 4 курс курсанттарын қалалық, аудандық ІІБ-де заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауға шақырып, мемлекеттік қызметшілердің этикалық кодексін ұстану бойынша тәрбиелік-психологиялық мәні бар әңгімелер айтып, баяндамалар оқыды.