Опубликовано

Академияда зейнеттік демалысқа шыққан қызметкерлерді шығарып салу шарасы өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында ішкі істер саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, зейнеттік демалысқа шыққан бірқатар қызметкерлерді, атап айтар болсақ Академия бастығының орынбасары қызметін атқарған отставкадағы полиция полковнигі Бапанов Талғат Әбдірұлын, Жоспарлау, үйлестіру және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған Каримбаева Сәуле Сарсебайқызын және осы бөлімнің бас маманы қызметін атқарған  Рамазанов Марат Қабиденұлын сонымен қатар Білім сапасын мониторингілеу және бақылау бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарған Бекмурзаев Ерлан Өмірбекұлын салтанатты түрде құрметті демалысқа шығарып салу іс-шарасы  өтті.

Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі  Кененбаев Серік  Мәлікұлы өз өмірлерін ішкі істер саласына арнап, қызметтерін абыроймен атқарған тәжірбиелі қызметкерлерді зейнеткерлікке шығу рәсімімен құттықтап сөз сөйледі. Полиция полковнигі С.Кененбаев зейнеткерлік демалысқа шыққан әріптестері жайлы жақсы пікірлер айтып, оларды ұзақ жылдар бойы атқарған қызметтерінің жетістігімен құттықтап, зор денсаулық тіледі.

Келесі сөз кезегі Академия ардагерлер кеңесінің мүшесі отставкідегі полиция полковнигі Т.Құлтаевқа, СОФ бастығы полиция полковнигі Г. Абильмажиноваға, ЖІҚжАТ кафедрасының бастығы полиция полковнигі Е. Әбілезовке, БСМжББ аға оқытушы әдіскері полиция подполковнигі Ж. Тойғанбековаға, ЖҮжБ бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Н. Ермағанбетке берілді. Аталған қызметкерлер зейнеткерлерді еңбек демалысына шығу сәтімен құттықтап, сөз сөйлеп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е.Бимолданов ардагерлерді құттықтап, зейнетке шыққан отставкадағы полиция полковнигі Т.Бапановқа құттықтау папкасын табыс етіп, арнайы сыйапат көрсетті. 

         Шара соңында құрметті еңбек демалысына шыққан зейнеткерлер қызығы мен қиындығы қатар жүретін ішкі істер саласына разы екендіктерін жеткізіп, ұжыммен қимай қоштасып, естелік суреттерге түсті.