Опубликовано

Патриоттық рухта тәрбие беру басты міндет

2019 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыспалы құрамға «Ішкі істер органдарының жеке құрамын патриоттыққа тәрбиелеу» тақырыбында арнайы жиын өткізілді.

Жиын барысында  тәрбие жұмысы бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Е.Жақиянов баяндама оқып, қазіргі заманғы патриоттық идеологияның жетістіктері мен басымдықтары туралы айтып, Отанды қорғау, елге адал қызмет ету, патриотизм жайлы мысалдар келтірді.

Өз халқынның тарихы мен өнегелі дәстүрін білу, өз елінің келешегі мен бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, патриотизмнің құрамдас бөлігі. Сонымен қатар Академия қызметкерлері  курсанттардың бойына Отансүйгіштік пен Антқа беріктік, тәртіптілікті сақтау, болашақта қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдылықты қатаң сақтап, қоғам тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосуды тілеп, бағыт-бағдар берді. 

Жиын соңында курсанттар назарына Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен түсірілген «Шестой пост» фильмі ұсынылды.