Опубликовано

Интерактивті оқыту әдісімен қазіргі қоғамға баға берілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультетінің 105 оқу тобы курсанттарының қатысуымен «Әлеуметтік философия» тақырыбында арнайы рөлдік ойындарды қолдану арқылы  семинар сабақ өткізілді.  Жалпы білім және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы, полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты Алдабергенов Азамат Тыныштықбайұлының бастамасымен интерактивті оқыту әдістерін  қолдану курсанттарға білім беру бағдарламаларының бір бөлігіне айналды.  

Курсанттар түсінуге қиын әртүрлі теориялар, терминдер мен санаттарды  интерактівті әдістер мен оқу құралдары негізінде меңгереді. Мәселен, әлеуметтік өмір әлеуметтік материя ретінде материалдық қозғалыстың ең жоғарғы нысаны болып саналады. Қатысушылармен бай өкілдерден, орта топтан және кедейлерден тұратын әлеуметтік құрылымдар көрсетілді. Әлеуметтік философия, қоғам феномені, қоғамның генезисі, антопоценогенез, әлеуметтік өмірдің асқынуы, осы және басқа да қоғамның түрлі әлеуметтік салаларының өкілдері қатысатын мәселелер курсанттар призмасы арқылы жүзеге асырылды. Оқыту барысында бірқатар негізгі тұжырымдар анықталды: әлеуметтік келісімшарт идеясы, азаматтық қоғам, қоғамның экономикалық негіздері және әлеуметтік модернизм. Сонымен қатар, мынадай заманауи қоғамның проблемаларына еңбек қажеттілігі, адамның еңбекке деген қабілетінің төмендеуі, экономикалық және әлеуметтік шиеленісу құбылыстарына талдау жасалды. Курсанттар тарихи және жүйелі рөлдік ойын негізінде қазақстандық қоғамның даму жолдары мен болашағы сыни тұрғыда бағаланады. Курсанттар тарихи және жүйелік тәсілдерді рөлдік ойын негізінде пайдаланып, қазақстандық қоғамның даму жолы мен келешегін сыни тұрғыда баға беріп, өз ойларын ортаға салды.