Опубликовано

Әлеуметтік философия тақырыбында дәріс өтті

        Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Жалпы білім беру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы, полиция полковнигі, А.Т.Алдабергеновтың ұйымдастыруымен «Әлеуметтік философия» тақырыбы бойынша дәріс оқу үшін Қазақстандық Американдық университетінің қауымдастырылған профессоры, заң гылымдарының докторы, отставкадағы полиция полковнигі  Жандарбек Бауыржан Абылқасымұлы шақырылды.

Алдыңғы қатардағы оқу орындарынан келген ғалымдардың өткізген мұндай сабақтары курсанттар арасында ерекше қызығушылық туғызды. 

         Б.А.Жандарбек заң саласы бойынша көптеген мақалалардың авторы. Сонымен қатар ол қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының  медиация институтының мәселелері бойынша танымал маман болып есептеледі. Осы уақытқа дейін  Б.А.Жандарбек отандық ведомстволық оқу орындарында білім беру мен ғылым саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен.

  Сабақ барысында профессор Б.А.Жандарбек дәріс жүргізудегі біліктілікті ғана емес, сонымен қатар өзін тәжірибелі оқытушы, мықты тәлімгер ретінде көрсете білді. Ғалымдардың қатысуымен өткен мұндай дәрістер ішкі істер саласына білікті кадрлар даярлауда өз пайдасын тигізеді.