Опубликовано

Біліктілікті арттыру курсы – лаңкестікке қарсы күреске арналды

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ЖООК және ҚББИ Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар даярлау орталығында, 2019 жылдың 28 қаңтарынан 2-ші ақпан аралығында «ІІО бөліністерінің экстремизмге қарсы қүрес жөніндегі қызметі» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді. 

Оқу курстары Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2019 ж. 11.01 №22 «Арнайы алғашқы оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының 2019 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес,  ұйымдастырылды.

 Біліктілікті арттыру курстарына  – ПД-нің ЭҚІҚБ аға жедел уәкілдері және жедел уәкілдер шақырылды. Оларға дәріс өткізу үшін Академияның алдыңғы қатардағы ғылыми-педагогикалық кадрлары мен заңгер-ғалымдары тартылды.   

Сабақтар интерактивті оқыту түрін пайдалану арқылы бейнефильмдер, презентация және т.б. аудиториялық, тәжірибелік  сабақтар түрінде өткізіледі. Тыңдаушылар үшін оқу-әдістемелік құжаттардың пакеті: оқу бағдарламалары, оқу және тақырыптық жоспарлар, сабақ кестелері, сабаққа қатысуды бақылау кестесі әзірленді.

Курс соңында террорлық және экстремистік сипаттағы қылмыстарды ашу және тергеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.