Опубликовано

Тәрбие жұмысы мен психологиялық ахуалды жандандыруға арналған жиын өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында 2019 жылдың 30-шы қаңтарында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен оқу-саптық бөліністері, курс бастықтары, орынбасарлары, взвод командирлері мен кезекші бөлім қызметкерлері психологиялық-тәрбиелік жұмыстар бойынша жиын өткізді. Жиынды Академия бастығының кадр және тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары полиция полковнигі С.Кененбаев ашты.

Жиынды өткізу барысында тәрбие жұмысы бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Е. Жакиянов ІІМ-нің 2018 жылғы заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылы  және суицидтің алдын алу, тәрбие жұмысын күшейту бойынша шолуды жеткізді.

Шолуда суицид фактілерінің  жиілеп кеткені, соған байланысты курс басшылығына тәрбиелік жұмыстарды күшейту үшін тәрбие жұмысы бөлімімен біріге отырып, тығыз байланыста жұмыс атқару  қажет екенін атап көрсетті. Курсанттармен жеке-тәрбие жұмыстарын тиімді жүргізулерін және бақылауға алынған курсанттармен ерекше жеке-тәрбиелік жұмыстар өткізуді айтып,  аталған бұйрықтар бойынша әдістемелік құралдар курс басшыларына таратылды. Жоғары білім беру және әлеуметтік-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы, психолог, отставкадағы полиция подполковнигі Д. Шаханова «ІІО-дағы жеке құрамның девиантты-мінез құлқының алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды, дәріс сабағында курсанттарға аса көп көңіл бөлу керектігін  айтып, тақырыпқа байланысты  бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар, жеке құрам бойынша инспекциясының бастығы полиция подполковнигі Ғ. Боранбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңға тоқталып, кезекті декларацияны уақытында тапсыру  керектігін  айтты. Заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтау, курсанттардың құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және  қызметтен тыс уақытта да бақылауды күшейтуді ескертті.

Өз кезегінде тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор-полиграфологы полиция майоры Ж. Кирикбаева кадр жұмысы департаменті әзірлеген  «Бөлініс басшыларына өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алудың негізгі бағыттары» туралы әдістемелік ұсынымды таныстырып, өтті. Сонымен қатар мінез-құлқы ауытқыған курсанттар анықталған жағдайда тәрбие жұмысы бөлімімен бірігіп психологиялық жұмыс жүргізу үшін, әрі қарай бақылау, профилактикалық жұмыстарды күшейту керектігін айтып, «Суицидтің алдын алу» бойынша курс басшылығына әдістемелік құралдар таратылды.