Опубликовано

Академия курсанттары Спартакиада жеңімпазы атанды

2019 жылдың 1-3 ақпанында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасында және жауынгерлік самбодан ерлер арасында Алматы қаласының Спартакиадасы болды.

Осы жарысқа Академия құрамасының атынан Жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультетінің 2-3  курс курсанттары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты ғылыми-педагогикалық  магистратураның 1-2 курс магистранттары қатысты. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті.

Самбо күресінен ерлер  мен әйелдер арасындағы Алматы қаласының Спартакиадасында жалпы құрама бойынша  Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының құрамасы 1 орынға ие болды. Атап айтар болсақ ересектер арасындағы самбо күресінен 56 кг. салмақта  2 орын – А.Қабдел, 60 кг. салмақта 2 орын – А.Мамадияр, 72 кг. салмақта 2 орын –А. Айкенова, 74 кг. салмақта 3 орын – Б. Әлімбеков, 80 кг. салмақта 1 орын – С.Қабдолова 90 кг. салмақта 3 орын – А. Эльжуркаев (магистрант) және +100 кг. салмақта 1 орын – Е.Қалиеков (магистрант) алып, жақсы өнер көрсетті.

 Ал ересектер арасындағы жауынгерлік самбо күресінен 52 кг. салмақта  1 орын- А.Толепберген, 2 орын – Ж.Шүкірбай 57 кг. салмақта 2 орын – А.Амангельдиев, 60 кг. салмақта 3 орын – С.Акрамова, 62 кг. салмақта 3 орын – Н.Төлеухан, Ғ.Балқыбек. 64 кг. салмақта 2 орын – Ә.Мұратбек, 100 кг. салмақта 2 орын - Б.Ахат және +100 кг. салмақта 3 орын – Р.Қайырбаев алды.

Аталған жеңімпаздар барлық салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырушылар тарапынан мадақтау қағазымен мараппаталды.