Опубликовано

Академия курсанттары жеңімпаздар қатарында

2019 жылы 1-3 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің спорт кешенінде самбо күресінен 1999-2001 жылы туған жастар (ұлдар, қыздар) арасында Алматы қаласының Чемпионаты болып өтті.

Осы жарысқа Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы құрамасынан Жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультетінің 1,2,3  курс курсанттарынан құралған 28 спортшы қатысты. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Аталған сайыста Академия курсанттары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтар болсақ, 60 кг. салмақта 2 орын - Акрамова С., 3 орын - Бидрахимова А. 68 кг. салмақта 3 орын – Берік Ерік, 72 кг. салмақта 3 орын – Иргебаева Г., 74 кг. салмақта 3 орын – Баубек А., 80 кг. салмақта 1 орын- Қабдолова С., 90 кг. салмақта 3 орын – Бекқожа Ә. Және 100 кг. 3 орын- Пірназар Е. жақсы өнер көретіп, жеңімпаз атанды.

Жарыс соңында жеңімпаздар барлық салмақ дәрежесі бойынша мадақтау қағаздарымен мараппаталды.