Опубликовано

Д.А.Қонаев атындағы еуразиялық заң академиясының проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Г.А. Алибаевамен кездесу өтті

Оқу-тәрбиелік және ғылыми-зерттеу жұмысы аясында әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы мен Ғылыми-педагогикалық магистратурасы бірігіп, 2019 жылдың 6 ақпанында 1 курс магистраттары мен Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Алибаева Гульнара Айтчановнамен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу дәріс нысанында өтті. Мемлекеттік басқару саласының маманы болғандықтан, Г.А. Алибаева Қазақстанда өткізіліп жатқан әкімшілік реформалар сұрақтарын, 2010-нан 2020 жыл кезеңінде Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының Тұжырымдамасын іске асырудың жетістіктерін, әкімшілік заңнамалардың жаңалықтарын, мемлекеттік әкімшілік саласындағы мәселелері мен оларды шешудің перспективалық бағыттарын айқындады.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында ішкі істер органдарының тәжірибелік қызметкерлерін, басқа жоғары оқу орындарының және қазақстандық ғылым өкілдерін тарту жиі  жүргізіледі. Осындай жұмыстың мақсаты – теория мен практиканы ұштастыру, оқу-тәрбиелік үрдісті жетілдіру, ішкі істер органдарының құқық қолдану тәжірибесі мен Қазақстан Республикасы заңнамалырының өзгерістерінің талаптарына жеткілікті білім беру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа технологияларын әзірлеу мен ендіру болып табылады.