Опубликовано

ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

2019 жылдың 25 ақпаны мен 02 наурызы аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы ЖООКжҚББИ Жоғары академиялық курстарында «ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша ӨҚБ басқа, басқарма бастықтарының орынбасарлары мен бөлімше бастықтарының біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Біліктілігін арттыру курстары Қазақстан Республикасы ІІМ 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 22 «Арнайы алғашқы оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру  курстарының 2019 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  жүргізілді.  

Сабақтар аудиториялық және тәжірибелік интерактивті оқыту түрінде  (презентациялар, бейне фильмдер және т.б.), сонымен қатар оны өткізу үшін Алматы академиясының алдыңғы қатардағы ғылыми-әдістемелік мамандары мен отандық заңгер ғалымдар тартылды.

Білім алушылар үшін келесі оқу-әдістемелік құжаттар оқу бағдарламалары (силлабустар), оқу және тақырыптық жоспарлар, сабақ кестелері, тыңдаушылардың сабаққа қатысқаны туралы бақылау кестелері дайындалды.

Біліктілікті арттыру курстарының аясында 2019 жылдың 28 ақпанында «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: мәселелері, шешу жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды талқылау кезінде келесі тақырыптар «ІІО қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету», «Жас қызметкерлерге үй беру», «ІІМ зейнеткерлері есебінен тәлімгерлік институтын қалпына келтіру», «Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы полицейлердің имиджін арттыру», «Қызметкерлерді әр түрлі жарыстар мен байқауларға ынталандыру», «Республика өңірлерінде психологиялық қызметтерді күшейту» қозғалды.

Жоғарыда аталған барлық мәселелер, пікірталас қорытындылары бойынша шешімдер жасалып, әдістемелік ұсыныстар қабылданды.