Опубликовано

Қазақстан-Ресей ғалымдарының қатысуымен бейнеконференция өтті

2019 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы, заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Аубакирова Анна Александрованың бастамасымен «Реформирование досудебного производства по уголовным делам: опыт Казахстана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Бейнеконференция нысанында өткен ғылыми талқылауға Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы мен Ресей ІІМ Омбы академиясының оқытушы-профессорлық құрамы қатысты. Конференцияда Қазақстан және Ресей мемлекеттерінің қылмыстық процессуалдық мәселелер бойынша заңнамалар талқыға салынды.