Опубликовано

Теория мен тәжірибені үйлестіру

2019 жылдың 4 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 2 курс курсанттары Алматы қ. Полиция Департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Л.А. Алипбаева мен кездесу өткізді.

Кездесуді Жоғары білім институтының Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы оқу-тәрбиелік жұмыстар аясында ұйымдастырып,  «Полицейское право» пәні бойынша дәріс ретінде жүргізді.

Курсанттар «Правовое положение Комитета административной полиции МВД Республики Казахстан» тақырыбында теориялық және тәжірибелік мәселелерге терең үңіліп, көптеген жаңа мәліметтерге қанық болды.

Сабақ барысында, Лейла Аманбайқызы жергілікті полиция қызметінің құрылымы, оның міндеттері мен функциялары туралы айтып, ішкі істер органдарының барлық жүйесінде өткізіліп жатқан реформалар шегіндегі оңтайландырулар, әкімшілік полиция қызметтерінің құрылымдық өзгерістері туралы мәселелерге кеңінен тоқталды.     

  Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттарына теория мен тәжірибені үйлестіре отырып білім беру әдісі бүгінгі таңда  күн тәртібіндегі мәселеге айналды.  Бұл үрдіс  өз кезегінде академия қабырғасындағы білім беру жүйесіне жаңа серпін беріп, курсанттардың оқуға деген ынтасын арттыруда.