Опубликовано

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы аясында 2019 жылдың 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының 2-3 курс курсаттары алматы гарнизоны полициясының кешенді күштері құрамында қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларына қатысуда.

Қызметкерлерді орналастыруға сәйкес, курсанттар Алматы қ. жеті ауданы бойынша аумақтарда қызмет атқарады.

Шараға сәйкес аудандардағы Полиция басқармаларына шығар алдында, курсанттарға Академия басшылығы мен әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы тиісті нұсқаулық жүргізеді. Курсанттарға қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын қосымша күш ретіндегі олардың құқықтары мен міндеттері, әр түрлі жағдайлардағы әрекеттер тәртібі, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар және олар үшін әкімшілік жауапкершіліктер түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы курсанттарының «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасына қатысулары тұрақты түрде жүргізіледі. Осындай шаралар аясында, курсанттар қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет өткерудің, ішкі істер органдарының құқықтық қызметінің тәжірибелік дағдыларын игереді.