Опубликовано

ІІО қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті

       2019 жылдың наурыз айының 1 күні   Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы семинар сабақ өткізді.

         Аталмыш шараға СҚО ПД Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Сапаров Р.Ж. және Қарағанды облысы ПД Тергеу басқарамасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Саламатов А.Т. қатысты. Семинарға күндізгі оқыту факультетінің 3 курс курсанттары шақырылып, қылмыстық іс жүргізу заңнамалары талқыға салынды.