Опубликовано

Курсанттардың шығу сабағы

2019 жылдың 28 ақпанында ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының 3 курс курсанттары Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЛА155/18 мекемесіне танысу және тәжірибелік сабағына барды.

Күндізгі оқу факультеті 3 курс курсанттарының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің   мекемесіне баруы «Заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес  жүзеге асырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті ЛА155/18 мекемесінің қызметкерлері курсанттарға практикалық және танысу сабақтарын өткізіп, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында сезіктілерді ұстау режимдерімен таныстырды, аумақты аралатып, ғимараттардың орналасу жағдайын көрсетті. Сонымен қатар комитет қызметкерлерінің күнделікті жұмыс барысы  таныстырылды.

Жалпы шығу сабағы барысында курсанттар өздерін қызықтырған  сұрақтарын қойып,  тиісті жауаптарын алды.