Опубликовано

АКАДЕМИЯ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ 8 НАУРЫЗ - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Құрметті арулар, аяулы аналар, әріптестер!

Сіздерді академия басшылығы мен жеке құрамы атынан күлімдеген көктемнің ең шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Атамыз қазақ  «Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі» деп қыздарын төрге шығарып, аялап, бетінен қақпай өсірген. Ер азаматтарымыз қыз балаға оң жақтан орын беріп, үнемі сый құрмет көрсетіп отырған.

Қазіргі таңда қоғамның түрлі саласында қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі жолында парасаты мен пайымын аямаған  әйел адамдар, қыздарымыз аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі ретінде өзіміздің академияда түрлі қызметтерді ер азаматтармен иық тірестіре жүріп, адал әрі абыройлы атқарып отырған қыз-келіншек әріптестерімізді атауға болады. Сонымен қатар болашақта полиция қызметкері боламын деген арманды арқалап, академия қабырғасында білім алып жатқан қыздарымыз да осы қатарға жатады. Ішкі істер саласының ауыр жүгін мойымай арқалап жүрген нәзік жанды аруларымыз  –  біздің және академияның   мақтанышы.

            Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің құттықтау сөзінде: «Халқымыз әр­қа­шан нәзік жанды әйел затын қас­терлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын дің­гегіне балаған. Ұлт басына күн ту­ған, кей замандарда ер азаматтар­дың жігерін жандырып, жүрегіне от бер­ген әйелдер болған» -    деп,   ерекше ықыласпен айтып өткен болатын.    

Олай болса қадірлі арулар, құрметті әріптестер!

          Күлімдеген көктемнің жайма шуақ  мерекесі жүректеріңізді жырға, көңілдеріңізді нұрға толтырсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, баянды бақыт тілеймін!