Опубликовано

Діни экстремизмге байланысты қылмыстардың алдын алу

2019 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар даярлау орталығы базасында ПД ЭҚКБ аға жедел уәкілдері және жедел уәкілдерінің біліктілігін арттыру курстары шеңберінде «Діни экстремизммен байланысты қылмыстардың алдын алу: өзекті мәселелер, шешімдер, дамыту жолдары»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге академияның профессорлық-оқытушылар құрамы мен Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар даярлау орталығының тыңдаушылары қатысты.

Шараға қатысушылар діни экстремизммен байланысты қылмыстарды ашу бойынша жаңа қылмыстық процессуалды заңнамалар аясындағы жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыруда туындайтын мәселелер бойынша ойлары мен пікірлерін ортаға салды.

Алғашқы болып сөз алған ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы ЖІТжАТ кафедрасының бастығы, з.ғ.к., полиция полковнигі Е.Т. Әбілезов, бүгінгі қоғамның алдында жаңа қауіп-қатерлердің артқанын осындай қауіптердің бірі діни экстремизм және оның шектен тыс көрінісі - террористік іс-әрекет екенін атап өтті.

Осы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі жаңа механизімдерді әзірлеу тақырыбы аса ашық талқылауды тудырды. Осы сала бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер діни экстремизмге байланысты қылмыстарды анықтауда белгілі бір қиындықтар туралы айтып берді.

Дөңгелек үстел жоғары ғылыми-практикалық деңгейде өтті. Жұмыс нәтижесінде құқық қорғау органдарының діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметін жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсынымдар әзірленді.