Опубликовано

Жастар жылы шығарма тақырына арқау болды

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы басшылығының тапсырмасына орай тәрбие жұмысы бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауына байланысты курсанттар арасында «Ұлы даланың  жеті қыры» тақырыбында шығарма жазудан байқау өткізілді.

Байқауға академияның жоғары білім беру институты күндізгі оқу факультеті мен техникалық факультеттің 1, 2 және 3 курс курсанттары толықтай қатысты. Мемлекет Басшысы  Н.Ә. Назарбаевтың  «Ұлы даланың  жеті қыры» атты мақаласын арқау еткен байқау курсанттарды қазақ халқының төл тарихымен терең таныстыруға арналды. Сонымен қатар шығарма жаздыру арқылы кусанттардың әдеби, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, патриоттық рухын көтеру, елге, жерге деген мақтаныш сезімдерін оятып, Отан алдындағы парыздары мен міндеттерін адал орындауға үйрету болып табылады.

Шығарма ерікті түрде қазақ және орыс тілдерінде жазылды. Белгіленген тәртіп бойынша шығарма жазуға бір апта уақыт берілді. Апта өткен соң әр курс бойынша ең үздік деген туындылар іріктеліп, әділ қазылар алқасының назарына ұсынылды. Әділ қазылар алқасы әр шығарманың мазмұны мен мәні, жазылу ерекшелігі мен ой қорыту шеберлігіне қарай бағалап, ең үздіктерін өз-ара дауысқа салды.  

Байқау қортындысы бойынша ең үздік туынды иелері ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы басшылығының атынан арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ күндізгі оқу факультетінің 1 курс 106-топ курсанты Мүслім Дастан Нұрболатұлы, күндізгі оқу факультетінің 2 курс 204-топ курсанты Талғатқызы Томирис, техникалық факультеттің 3 курс 313-топ курсанты Алибай Айерке, техникалық факультеттің 3 курс 314-топ курсанты Молдағалиева Мадина Жалынқызы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының оқу-ісі жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Бимолданов Ержан Малайұлының қолынан алғыс хаттар алып, марапатталды.