Опубликовано

Кибер қылмыстылыққа қарсы күреске арналған ынтымақтастық

2019 жылдың 5-9 наурызында БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕжҚБ) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция басқармасымен бірлесіп Алматы қаласы «Grand Hotel Tien Shan» қонақ үйінің «Алатау» мәжіліс залында ««International and Regional Cooperation to Combat Cibercrim»» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар киберқылмыспен күресуде халықаралық және аймақтық ынтымақтастыққа арналды. Семинарға Ауғанстан, Иран, Пәкістан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан елдерінің құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясының атынан Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық полиция басқармасы, Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Бас прокуратура, Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАААҮО) өкілдері және т.б. болды.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының атынан заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі Дильбарханова Ж.Р., заң ғылымдарының кандидаты, полиция подполковнигі Кан А.Г. және техника ғылымдарының кандидаты., полиция  аға лейтенанты Әбен Е. қатысты.

Семинар барысында киберқылмыспен күрес саласындағы халықаралық және аймақтық ынтымақтастық мәселелер, осы саладағы құқық қорғау органдарының озық ұлттық және өңірлік тәжірибелерімен алмасу, әр елдегі заңдардың ерекшеліктері, киберқылмыстарды тергеу мен ашу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, семинар жұмысы аясында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында болашақта жұмыс істейтін Киберқылмысқа қарсы күрес бойынша мәселелерді зерттеу орталығының ашылуы туралы презентация қатысушылар назарына ұсынылды.

Семинар соңында тараптар киберқылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жасады және шараға қатысушыларға сертификаттар берілді.