Опубликовано

«Кейс-стади»: Руслан Кулекбаев ісі

2019 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Жедел-іздестіру қызметі кафедрасында «Кейс-стади» «Терроризмнің алдын алу, ашу мен тергеу бойынша қызметті ұйымдастыру», тақырыбында интерактивтік сабағы өткізілді. Сабақ жетекші кафедраның аға оқытушысы полиция подполковнигі Шоканова Евгения Владимировна 301 академиялық тобының курсанттарымен  Руслан Кулекбаевтың резонансты ісі,  2016 жылғы 18 шілде айынан бастап сот үкімі шыққанға дейінгі 17 қараша аралығы қарастырлып талқыланды.

Сабақ барысында курсанттар берілген тапсырмалар бойынша  белсенділік танытып, өздерінің көз қарастары мен жеке пікірлерін білдірді. Сондай-ақ олар ұсынылған фабуланы талдай отырып, өздерінің жедел-іздестірушілік версияларын құрды, сонымен бірге терроризмнің алдын алу мен оны анықтау бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жедел-әрекеттік алгоритмдерін ұсынды.

Сабақ өте қызықты әрі пайдалы болды, сонымен қатар мұндай сабақтардың курсанттардың болашақтағы практикалық қызметіне пайдасы зор болмақ.