Опубликовано

Білім мен тәжірибе ұштасты

2019 жылдың 1-6 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының Жоғары академиялық курстарын да “Жедел бөліністердің қызметін жетілдірудің өзекті мәселелері” тақырыбы бойынша ҚАПБ бастықтарының бірінші орынбасарларына біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Курс Қазақстан Республикасы ІІМ 2019 жылғы 11 қаңтардағы № 22 «Арнайы алғашқы оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының 2019 жылға арналған жоспар-кестелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес ұйымдастырылған.

Оқу барысында 2019 жылдың 4 сәуір күні аталған курсқа келген ІІО тәжірибелік қызметкерлері Академияның Жоғары білім беру институтының 3 курс курсанттарымен кездесті. Мұндай кездесудің маңыздылығын өзінің кіріспе сөзінде тәрбие жұмысы бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Е. Жақиянов айтып өтті.

Кездесу барысында курсанттар белсенділік танытып, өздерінің болашақтағы қызметтеріне қатысты маңызды сұрақтар қойды.

ІІО қызметкерлері курсанттардың сұрақтарына жауап бере отырып, тәжірибелік қызметтен көптеген мысалдар келтірді, оған қоса ІІО қызметкерлерінің кәсіби қызметі жеке қасиеттер мен моральдық жігерді талап ететінін және терең теориялық білімсіз қызмет атқару мүмкін еместігін түсіндірді.

Кездесу достық қарым-қатынаста өткізіліп, соңында естелік суретке түсті.