Опубликовано

Дінтанудың өзекті мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандар дайындау орталығы        мен Жоғарға оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының Ғылыми-педагогикалық магистратурасында «Қазақстан Республикасының халықаралық бастамалары мен бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі рөлі»  атты тақырыбы бойынша  практикалық  бағыттағы  сабағы өтті.

Біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары мен 1 курс магистранттары Алматы қаласы Қоғамдық дамыту басқармасынан шақырылған мамандарымен кездесті.

Діни саладағы мемлекеттік саясатты нақтылау мақсатында «Нұр Мубарак» Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, Затов Қайрат Айтбекұлы дәріс өткізді.

Тәжірибелік сабақ барысында өзекті діни мәселелерді ғылыми жағынан талдауды түсіндіруге байланысты теологиялық білімнің әр түрлі аспектілері қарастырылды. Дәріскер экстремизм және терроризммен күрес саласындағы құқық қорғау органдарының азаматтық қоғам институттарымен өзара  әрекеттесуі, экстремизмнің алдын-алу және оған қарсы күрестің күші туралы көптеген  сұрақтарға  жан-жақты  жауап берді.