Опубликовано

Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері

2019  жылдың  8-13 сәуірі  аралығында  Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы ЖООКжҚББИ Жоғары академиялық курстар базасында  “Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескертудің тиімді тәсілдері” тақырыбы бойынша ЖҚИ инспекторларының біліктілігін арттыру курстары өткізілуде.

Өткен материалдарды бекіту үшін сабақтар интерактивті оқыту түрін пайдалану арқылы бейнефильмдер, презентация, аудиториялық және тәжірибелік сабақтар түрінде өткізіледі. Теория мен практиканы білім алушыларға  Академияның жетекші ғылыми-педагогикалық  мамандары  мен отандық оқу-заңгерлері оқытуда.

Білім алушылардың материалдарды толық қабылдаулары үшін  оқу бағдарламалары, оқу және тақырыптық жоспарлар, сабақ кестелері, сабаққа қатысуды бақылау кестесі әзірленген.