Опубликовано

Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерімен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары 2019 жылдың 05 сәуірінде Алматы қ. Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының басшылығы және қызметкерлерімен кездесті.

  Аталмыш шара қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы мен (профессоры, з.ғ.к., полиция подполковнигі А.А. Ескендиров) жедел-іздестіру кафедрасының (аға оқытушысы, полиция подполковнигі Б.Т. Байсеитов) профессорлық-оқытушылар құрамының бастамасымен өтті.

 Кездесу барысында курсанттар криминалдық полиция басқармасының құрылымы, жедел бөлімшелер жұмысының бағыттары, жедел-агентуралық жұмыстың ұйымдастырылуы, материалдық-техникалық жабдықталу және т.б. мәселелермен танысты.

 Кездесуді ұйымдастыруға Алматы қ. ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.М. Масимов қолдау білдіріп, КПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі М.К. Алимов, КПБ киберқылмысына қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі И.Пудовкин, КПБ киберқылмысына қарсы күрес бөлімінің аға жедел-уәкілі, полиция майоры Е.У. Қойшыбаев, КПБ криминалдық-іздестіру бөлімінің аға жедел-уәкілі, полиция майоры А.А. Абилов белсенді көмек көрсетті.