Опубликовано

Дін мәселесі туралы дөңгелек үстел

2019 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Лаңкестікке қарсы күрес бойынша мамандарды даярлау орталығының конференц-залында «Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуы стратегиясы ауқымындағы конфессионалдық саясат»  атты дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстел  «Елдегі  және әлемдегі діни жағдайдың дамуы мен динамикасы, діни саладағы мемлекеттік саясатты түсіндіру» атты біліктілікті арттыру курсына республиканың барлық аймақтарынан келген полиция офицерлері үшін өткізілді.  

Институт басшылығы дөңгелек үстелге қатысу үшін ІІМ Макан Есболатов атындағы Алматы академиясы Ғылыми-зерттеу орталығының бас мамандары полиция майоры Г.Б. Чукумов пен полиция капитаны А.Г. Шидемовты шақырды.

Осыған орай мамандар интернет және әлеуметтік желідегі терроризм мен экстремизмді насихаттаудың  алдын–алу қажеттілігі жайлы нақты мысалдарды келтіріп, діни қарым-қатынастар шеңберіндегі қарқынды дамуларға ғылыми түрде негіздеме бере отырып қызықты әңгіме өрбітті. Сонымен қатар ішкі істер органдарындағы тиісті қызметтердің осы мақсатқа бағытталған жұмыстарын тиімді ұйымдастыру туралы ойлар айтылды.