Опубликовано

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды зерттеу туралы мәселелер талқыланды

2019 жылдың 01-06 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М.Есболатов атындағы Алматы академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институты Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық оқу орталығында «Есірткінің заңсыз айналымымен күрес» тақырыбында ҚАПБ жедел уәкілдерінің біліктілігін арттыру курсы өтті.

Оқыту барысында ІІО тәжірибелік қызметкерлері есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналымы аясындағы қылмыстарды тергеумен байланысты проблемалық сұрақтарды қарастырды.

2019 жылдың 3-ші сәуірінде Алматы қаласының халықаралық әуежайында «Жетісу» кедендік постында «Жеке тұлғаның жеке заттарын іздеу және инспекциялаудың тактикасы мен әдістері» тақырыбында Алматы қаласындағы Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерінің қатысуымен  практикалық шығу сабағы өтті.

2019 жылдың 4 сәуірінде Алматы қаласының ІІМ кинологиялық орталығында «ЖІШ жүргізу барысында қызметтік иттерді қолдану тактикасы мен әдістемесі» тақырыбында шығу сабағы ұйымдастырылды.

Өткізілген сабақтарға қатысуы және көрсеткен нәтижелері бойынша, дайындықтан жоғары деңгейде өткен қызметкерлерге біліктілігін арттыру курсын аяқтағандығы туралы куәлік (сертификат) берілді.