Опубликовано

Қараусыз және қадағалаусыз қалған балалар мәселесі талқыланды

Әкімшілік-құқықтық пәндер кафедрасы аясындағы «Сақшы» ғылыми-зерттеу үйірмесі оқу материалдарын терең оқытып қана қоймай, ғылыми ойлауды дамытуға, ІІО қызметіндегі мәселелерді шешуге, курсанттарды түрлі нысандардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді тартуға тырысады.

Үйірме жұмысы аясында курсанттар тәжірибелік қызметкерлер, ғылым өкілдері, әкімшілік, құқық және мемлекеттік басқару саласындағы мамандармен жиі кездесулер өткізіп отырады. Сонымен қатар профилактикалық, құқық қорғау және құқық қолданушылық тәжірибесінің мәселелі сұрақтарын талқылау үшін шығу сабақтары өтіп тұрады.

2019 жылдың 3 сәуірінде үйірме жетекшісі, кафедра оқытушысы, полиция аға лейтенанты А.Т. Қойшкен үйірме мүшелерін Алматы қаласында Кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығына алып барды.

Сабақ барысында Орталық бастығының орынбасары Қанат Төрапашұлы Отыншиев Орталық қызметінің міндеттері мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы айтып, түсіндірді.

Сонымен қатар Орталыққа қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға ұшырап, өмірдегі қиын жағдайға тап болған балалар, ата-аналарын немесе басқа заңды өкiлдерiн анықтау үшін қадағалаусыз және панасыз қалған балалар, уақытылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қамқоршылық және қорғаушысы, ата-анасы (оларды бiреуiнен) жоқ балалар, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмаған балалар қабылданатыны  жайлы кеңінен ақпарат беріп өтті.