Опубликовано

«Кейс-стади»: аты шулы қылмыстың ашылуы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Жедел-іздестіру қызметі кафедрасында «Кейс-стади» «Кісі өлтіруді анықтау, алдын алу мен тойтаруды жедел-іздестірулік қамтамасыз ету», тақырыбы бойынша интерактивтік сабақ өткізілді.

Сабақ барысында Алматы қаласында 2018 жылдың 19 шілде айында орын алған Денис Теннің өлтірілуі туралы аты шулы қылмыстық іске байланысты сұрақтар талқыланды.

 303 академиялық тобының курсанттары кафедра оқытушысы полиция капитаны Емекбаев Ернар Метайұлымен бірлесіп, аталған қылмыстық іс оқиғасын талдап, өздерінің көзқарастары мен пікірлерімен бөлісіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар ұсынылған фабула бойынша жедел-іздестірушілік версияларды құрып, болжам жасап, кісі өлтіруді анықтау мен алдын-алу бойынша құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттік алгоритмдерін ұсынды.