Опубликовано

Студенттер мен магистранттардың ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті

2019 жылдың 2-3 сәуір айында Алматы қ. Қайнар Академиясында «Сананы жаңғырту – болашаққа қадам. Мемлекет, қоғам, құқық» атты студенттер мен магистранттардың I-ші халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өткізілді.

 Конференцияға студенттер мен магистранттар қатысты. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының атынан 3 курс курсанттары (Сыздыкова Сажида Кайратовна, Аблахатов Дильшат Ярмухаметович, Хусаинов Ерхан Жандарбекович, Темербулатова Айдана Ермекқызы, Болатов Бекжан Сымбатұлы, Бериков Бекарыс Берикович, Попова Зарина Садуовна, Тулеушев Аманжол Сакынович) қатысты.

Конференция заң пәндері бойынша 13 секциядан тұрды.

Конференция қорытындысы бойынша курсанттар диплом және сертификаттармен марапатталды. Дипломмен, Аблахатов Дильшат Ярмухаметович І деңгей, Сыздыкова Сажида Кайратовна II деңгей, Попова Зарина Садуовна III деңгей және қатысқандары үшін Хусаинов Ерхан Жандарбекович, Темербулатова Айдана Ермекқызы, Болатов Бекжан Сымбатұлы, Бериков Бекарыс Берикович, Тулеушев Аманжол Сакынұлына сертификаттар берілді.

Жетекші ретінде, кафедра оқытушысы полиция капитаны А.Жиенга-

лиеваға Қайнар Академиясының басшылығы курсанттар дайындағаны және конференцияға қатысқаны үшін алғыс хат пен сертификат табыстады.