Опубликовано

Медициналық қылмыстардың ерекшелігі туралы

2019 жылдың 8 сәуірінде Алматы қ. Наурызбай аудандық сотының судьясы Кайсина Бейнегүл Муфталовна Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғарғы білім беру институты күндізгі оқу факультетінің 2 курс курсанттарына кәсіби бағдарда дәріс өткізді.

«Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында өткізілген дәріс осы саладағы қылмыстық-құқықтық сипаттама ерекшеліктері мен оларды анықтаудың проблемаларына арналды.

Аталған оқу бағдарламасы 2019-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарын модернизациялау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 желтоқсанда бекіткен №897 Жол картасы аясында және практикалық құқық қорғау органдары мен сот органдарының өзара әрекетін одан ары күшейту мақсатында  жүргізілді.