Опубликовано

Киберқылмыстылық туралы дәріс өтті

2019 жылдың 26 сәуірінде Жедел-іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғарғы білім институты күндізгі оқу факультетінің 3 курс курсанттары Қазақстан Республикасы ІІМ КПД Киберқылмыстылықпен күрес орталығының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Ә.С. Оразалымен кездесті.

Полиция подполковнигі Ә.С. Оразалы «ІІО арнайы техниканы қолдану тактикасы» пәні сабағында «Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды ашудың ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚР ҚК 7-тарауы), сонымен қатар түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып жасалатын кейбір меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар (ұрлық, алаяқтық) қарастырылды. Сонымен қатар дәріскер қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен ашу бойынша практикалық қызметінен мысалдар келтірді. Дәріс соңында Ә.С. Оразалы курсанттардың қойған сұрақтарына жауап беріп, оларға оқуда табыстар тіледі.